Қазақстан, Өзбекстан және Үндістан: Жасөспірімдер арасындағы бокстан Азия чемпионатында қай ел қанша алды
Қазақстан жасөспірімдері Астанада өткен құрлық біріншілігінде барлығы алты алтын, сегіз күміс және жеті қола медаль жеңіп алды.
Астанада бокстан жасөспірімдер арасындағы 2023 жылғы Азия чемпионаты аяқталды, деп хабарлады turkystan.kz.
Турнир қорытындысы бойынша Қазақстан ерлер құрамасы үш алтын, төрт күміс және үш қола медаль жеңіп алды. Алдияр Баһадүр (48 келі), Жандос Алпысбаев (75 келі) және Бексұлтан Қайратұлы (80+ келі) өз салмақ дәрежесінде чемпион атанды. Әйелдер құрамасы үш алтын, төрт күміс және төрт қола медаль жеңіп алды. «Алтынды» Аяжан Сыдық (54 келі), Толғанай Қасымхан (60 келі) және Алина Құдайгенова (63 келі) жеңіп алды, деп жазды Sports.kz.
Осылайша, Қазақстан жасөспірімдері Астанада өткен құрлық біріншілігінде барлығы алты алтын, сегіз күміс және жеті қола медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық медальдық есепте екінші орын алды. Он алтын медаль жеңіп алған Үндістан құрамасы турнир жеңімпазы деп танылды. Өзбекстан құрамасы төрт алтынмен үшінші орында. Қырғызстан, Таиланд, Жапония, Түркіменстан, Иран және Тайвань бір алтыннан иеленді.