Әлихан Смайылов Астана әуежайында Қырғызстан президентін қарсы алды

Ол Түркі мемлекеттері ұйымының мерейтойлық саммитіне қатысады.

Әлихан Смайылов Астана әуежайында Қырғызстан президентін қарсы алды
gov.kz

ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов Астана әуежайында Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровты қарсы алды. Бұл туралы turkystan.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады. 

Ол Түркі мемлекеттері ұйымының мерейтойлық саммитіне қатысады.

Айта кетейік, саммитке Қырғызстан басшысынан бөлек Әзербайжан, Түркия, Өзбекстан, Мажарстан және Түрікменстан мемлекеттерінің басшылары қатысады.