Жалпы бюджеттің 30 пайыздан астамы өңірлерге бөлінді

Жалпы бюджеттің 30 пайыздан астамы немесе 7 трлн теңге өңірлерге бөлінді

Жалпы бюджеттің 30 пайыздан астамы өңірлерге бөлінді
823

Жалпы бюджеттің 30 пайыздан астамы немесе 7 трлн теңге өңірлерге бөлінді. Бұл туралы бүгін Мәжілістің жалпы отырысындағы республикалық бюджет жобасын талқылау барысында айтылды.

Заң жобалары Президент тапсырмаларын орындауға, өңірлерді дамытуға және халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған. Бұл жөнінде Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуанытров, Премьер-министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев, Ұлттық Банк төрағасы Тимур Сүлейменов баяндама жасады. Мархабат Жайымбетов қосымша баяндамасында Мәжіліс депутаттарының тікелей араласуымен бюджеттегі 2,5 трлн теңгеге жуық қаражат министрліктер, әкімдіктер арасында маңыздылығына қарай қайта бөлінгенін атап өтті. Сондай-ақ кіріс – 16,3 трлн теңге болса, шығыс – 24 трлн теңге шамасында екенін айтты. Бюджет шығыстарын Ұлттық қордан 3,6 трлн. теңге көлемінде трансферттер есебінен жабу үрдісі жалғасып келеді. Депутаттар Ұлттық қордан 2024-2026 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт пен 2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңды қабылдап, Сенаттың қарауына жолдады.

Серіктес жаңалықтары