Роза Рымбаева бала кезіндегі арманын орындады (ВИДЕО)

Жуырда«Алғашқы» бағдарламасы әншінің арманын бір сәтке болса да орындады.

Роза Рымбаева бала кезіндегі арманын орындады (ВИДЕО)
rail-news.kz

Қазақстанның халық әртісі, әнші Роза Рымбаева бала кезде жолсерік болсам деген армандағанын айтады. Бұл туралы «Қазақстан теміржолшысы» газеті жазды.

Жуырда «Хабар» телеарнасындағы «Алғашқы» хабары әншінің арманын бір сәтке болса да орындады.   

Айта кетейік, Роза Рымбаева бұрынғы Семей облысы Жарма ауданы Жаңғызтөбе станциясында теміржолшы отбасында дүниеге келген. Күні-түні жолаушылар және жүк пойыздары ерсілі-қарсылы өтетін станцияда тоқтаған вагондарды, аялдаған жолсеріктерді көріп, форма киген теміржол қызметкерлеріне қызығуы заңды.

Өнер иесі бала кезінде үнемі жұмыста болатын әкесін үйге келгенде қуана қарсы алып, темірдей тәртіпке негізделген қызметінің ауырлығы мен жауапкершілігі зор екенін сезініп өседі. Дегенмен, теміржолшы Қуаныш Рымбаевтың 8 баласының көбі өнерге жақын болып, соның ішінде Роза қазақ ән өнерінде жұлдыз болып жарқырайды.