2612
«8 миллионын өз қалтамнан шығардым»: Актриса Дариға Бадықова кино түсіруге 108 млн теңге жұмсағанын айтты
Екі құрбыма Тайландтан қоңырау шалып, «Кино түсіргім келеді, ақша беріңдер» дедім
Қазір продюсер ретінде танылып жүрген актриса Дариға Бадықова «Ұйқым келмейді» бағдарламасында жуырда көрерменге жол тартқан «Таптым-ау, сені» фильмін түсіру үшін 108 млн теңге жұмсағанын айтты.
«Кино түсіруге 108 млн кетті. Соның 8 миллионын өз қалтамнан шығардым. Үш миллиондайы шығынға жұмсалды», – дейді актриса.
Сондай-ақ ол бұл соманы құрбыларынан сұрағанын айтады.
«Тайландта жүрген кезде маған кино түсіру идеясы келді. Менің өзі екі құрбым бар. Сол екі құрбыма Тайландтан қоңырау шалып, «Кино түсіргім келеді, ақша беріңдер» дедім. Олар ауқатты, ішіп-жемдері мол. Әзірге ақшаны, байлықты жүректеріне салмаған. Үлкен өнерге салды», – дейді актриса.