Қазақстанда атылған ақбөкендер шетелге сатылуы мүмкін

Экология министрлігі киіктерді республикадан тыс жерлерге сату үшін құжат әзірлеп жатыр.

Қазақстанда атылған ақбөкендер шетелге сатылуы мүмкін
ашық дереккөз
2000

Бұған дейін Экология және табиғи ресурстар министрлігі аң аулау ережелеріне өзгеріс енгізіп, 1 қазан мен 15 қараша аралығында ақбөкендерді атуға рұқсат берді, деп хабарлады Turkystan.kz.

«Қазіргі уақытта халықаралық нарықта ақбөкенді, оның ішінде мүйіздерін коммерциялық пайдалануға нөлдік квота бар. Халықаралық сарапшылардың ұсынымдары бойынша, министрлік киіктерді республикадан тыс жерлерге сату үшін квота алуға қажетті құжаттарды дайындап, CITES хатшылығының қарауына ұсынады» деп жазды Экология министрлігінің баспасөз қызметі.

1999 жылдан бастап киік санының күрт азаюына байланысты Қазақстанда ғылыми мақсатты қоспағанда, оны 2023 жылға дейін аулауға тыйым салынды. Ақбөкендердің саны 2 млн-ға жуықтағанына байланысты жоғарыдағы тыйымның күші жойылды.

Серіктес жаңалықтары