Алматы облысында терроризмді насихаттаған тұрғын ұсталды

Ол терроризм идеяларын насихаттады деп күдіктелуде.

Алматы облысында терроризмді насихаттаған тұрғын ұсталды
ҰҚК
1878

31 қазанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті полиция органдарымен әрекеттесе Алматы облысының тұрғынын ұстады, деп хабарлады turkystan.kz.

Ол терроризм идеяларын насихаттады деп күдіктелуде.

Тұрғылықты жері бойынша тінту кезінде діни әдебиеттер мен өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді.

Қылмыстық кодекстің 256-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Серіктес жаңалықтары