Халық 13 млрд теңгеге алданған: Жыл басынан бері 15,5 мың киберқылмыс тіркелді

Алаяқтықтың ең көп тараған тәсілі – онлайн-сауда түріндегі алдау.

Халық 13 млрд теңгеге алданған: Жыл басынан бері 15,5 мың киберқылмыс тіркелді
сурет: kazaknews.kz
1058

2023 жылдың басынан бері елімізде 15,5 мың киберқылмыс тіркелген, деп хабарлайды turkystan.kz ІІМ-ге сілтеме жасап.

Дегенмен, бұл көрсеткіш 2022 жылғы сәйкес кезеңінен 13%-ға аз. Азаматтарға шамамен 13 млрд теңге залал келегн.

Алаяқтықтың ең көп тараған тәсілі – онлайн-сауда түріндегі алдау екен (7 000-ға жуық қылмыс), сондай-ақ 1 600 жалған онлайн-қарыз тіркелген, 1 200 қазақстандық қаржы пирамидаларына алданған. 

"Алаяқтар азаматтарды ірі, соның ішінде ұлттық компаниялар, банктер мен криптобиржалар атынан жалған сайт жасау арқылы қызықтырады. Сонымен қатар, "менеджерлер" және "брокерлер" деп аталатын барлық байланыс онлайн режимінде өтеді. Кейбір жағдайларда алаяқтар үлкен соманы тарту үшін бір рет ақша төлейді", - деп түсіндірді ІІМ өкілі. 

Серіктес жаңалықтары