Жанқош Тұраровтың шаршы алаңға қашан шығатыны белгілі болды

Жанқош Тұраров IBO чемпиондық белбеуін наурыз айында Алматыда мексикалық Алехандро Менесесті (16-6, 9 KO) нокаутқа түсіргеннен кейін иеленген болатын.

Жанқош Тұраровтың шаршы алаңға қашан шығатыны белгілі болды
Фото: ©Zhankosh Team

Кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров (27-0, 20 KO) бірінші жартылай орта салмақтағы IBO чемпиондық атағын 16 желтоқсан күні қорғайды, деп хабарлады turkystan.kz Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Ақпарат дереккөзі бойынша боксшының жекпе-жегі жайлы ресми ақпарат жақын уақытта жарияланады. Қазақстанның Тәуелсіздік мерекесіне орай ұйымдастырылмақ. 

Бұған дейін Жанқош Тұраров танзаниялық боксшы Ибрагим Класса Мгендермен (30-6, 14 КО) жұдырықтасатыны анықталған болатын. Қарсыласы бір кездері IBF рейтингінде алғашқы ондыққа енген. Жекпе-жектерінің көпшілігін өз елінде өткізген. 

Жанқош Тұраров IBO чемпиондық белбеуін наурыз айында Алматыда мексикалық Алехандро Менесесті (16-6, 9 KO) нокаутқа түсіргеннен кейін иеленген болатын.