Астанада ер адам манекендегі күртешені киіп, ізін суытқан

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Астанада ер адам манекендегі күртешені киіп, ізін суытқан
сурет: polisia.kz
790

Астанада ер адам манекендегі күртешені киіп, ізін суытқан деп хабарлайды turkystan.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Сарыарқа аудандық ПБ-ның криминалдық полиция қызметкерлері жедел іздестіру шаралары кезінде 23 жастағы елорда тұрғынын сауда орталығында ұрлық жасады деген күдікпен ұстады.

Тергеу кезінде ол сатушының бутиктің ішінде екенін көріп, сыртта тұрған манекендердің көрінбей тұрғанын пайдаланып,  30 мың теңге тұратын жаңа күртешені киіп, сауда орнынан ізін суытқаны анықталды.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. 

Серіктес жаңалықтары