Қазақстанда бірнеше Telegram-бот бұғатталды

Мұндай Telegram-боттарды пайдалану олардың иелеріне ID, аты, тегі, лақап аты, «өзі туралы» бөлім және қосымшада орнатылған тіл сияқты жеке деректерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Қазақстанда бірнеше Telegram-бот бұғатталды
lechimsustavy.ru
3226

Қазақстандықтардың дербес деректері бар 8 Telegram-боттың қызметі бұғатталды, деп хабарлады turkystan.kz.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің мәліметінше, 28 қазанда азаматтардың құпиялылығына және олардың дербес деректерінің қауіпсіздігіне елеулі қатер төндірген Telegram-боттың қызметі тоқтатылды.

«Дербес деректердің таралып кету қаупін азайту және оларды заңсыз жинау және өңдеу фактілерінің жолын кесу мақсатында азаматтарды мұндай Telegram-боттарды пайдаланбауға және насихаттамауға, сондай-ақ өздерінің дербес деректерін жалпыға қолжетімді көздерде және әлеуметтік желілерде қалдырмауға шақырамыз», – делінген хабарламада.

Мұндай Telegram-боттарды пайдалану олардың иелеріне ID, аты, тегі, лақап аты, «өзі туралы» бөлім және қосымшада орнатылған тіл сияқты жеке деректерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар бұл аккаунтты бақылауды жоғалтуға немесе жазбаға қол жеткізу және пайдаланушы атынан хабарлама жіберу мүмкіндігі сияқты параллельді пайдалануға алып келуі мүмкін.

«ЦДИАӨМ осындай Telegram-боттар анықталған жағдайда, азаматтардың дербес деректерді қорғау құқықтарының бұзылуын болдырмау үшін министрлікті бұл жайлы тікелей хабардар етуді сұрайды», – делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары