Тұңғыш рет қазақстандық каратэші әлем чемпионы атанды

Оған дейін бұл спорт түрінен ересектер арасында Қазақстаннан ешкім әлем чемпионы атанбаған.

Тұңғыш рет қазақстандық каратэші әлем чемпионы атанды
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Қазақстандық каратэші Мөлдір Жаңбырбай Венгрия астанасы Будапештте өтіп жатқан әлем чемпионатының чемпионы атанды.

50 келі салмақта сынға түскен Мөлдір финалда италиялық қарсыласынан басым түсті. Ерлер арасында финалға шыққан Қайсар Алпысбай (60 келі) күміс жүлдені қанағат тұтты. 

Айта кетейік, оған дейін бұл спорт түрінен ересектер арасында Қазақстаннан ешкім әлем чемпионы атанбаған. Мөлдір  – бұл жетістікке қол жеткізген тұңғыш спортшы.

Ол жуырда Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен Азия ойындарында күміс жүлдегер атанған болатын.