Астанада жарық қашан қосылатыны белгілі болды

Коммуналдық қызметтер Астанадағы апатты жою бойынша жұмыс жүргізіп жатыр

Астанада жарық қашан қосылатыны белгілі болды
Tengrinews.kz

Астана әкімдігі қаланың бірнеше ауданында жарықтың сөніп қалуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлады turkystan.kz Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

Әкімдік мәліметінше, коммуналдық қызметтер Астанадағы апатты жою бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.

Елордада үйлердің бір бөлігі желілердегі апатқа байланысты электр қуатынсыз қалды. Жергілікті жерде авариялық қызметтер жұмыс істеп жатыр. 

"Қазіргі уақытта апаттың себебін жою бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Жергілікті жерде коммуналдық қызметтер жұмыс істейді. Электр қуаты шамамен 30 минут ішінде қалпына келтіріледі. Жүргізіліп жатқан жұмыстарға түсіністікпен қарауды сұраймыз", - делінген хабарламада.