Шахтадағы апат: 28 адамның денесі табылды

18 кеншіні іздеу жұмысы жалғасып жатыр.

Шахтадағы апат: 28 адамның денесі табылды
Фото: pixabay.com
625

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, сағат 15.00 жағдай бойынша Қарағанды облысында Костенко атындағы шахтада болған апаттан кейін 28 адамның денесі табылды, 18 кеншіні іздеу жалғасып жатыр, деп хабарлады turkystan.kz

«АрселорМитталТеміртау» АҚ Көмір департаментінің Костенко атындағы шахтадағы авариялық-құтқару жұмыстарына «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы» ЖШС Қарағанды филиалының тау-кен құтқарушылары жұмылдырылды.

Ақпараттық және психологиялық қолдау көрсету үшін Қарағанды қаласында (ТЖД 8-7212-51-72-23, АрселорМиттал Теміртау 8-7212-49-72-70) және Астанада (8-7172-70-41-08) «жедел желі» телефондары жұмыс істейді.

Серіктес жаңалықтары