695
Елена Рыбакинаның қарсыластары белгілі болды
Әр топтан екі үздік теннисші жартылай финалға жолдама алады.
Мексикада WTA қорытынды турнирінің жеребесі тартылды, деп хабарлайды turkystan.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.
Бұл жарысқа Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина алғаш рет қатыспақ.
Жеребе қорытындысы бойынша Е.Рыбакина әлемнің 1-ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенко, америкалық Джессика Пегула (5) және грекиялық Мария Саккаримен (9) бір топқа түсті.
Екінші топта Ига Швентек (2), Кори Гауфф (3), Онс Жабер (7) және Маркета Вондроушова (6) ойнайды.
Әр топтан екі үздік теннисші жартылай финалға жолдама алады.
Қазақстандық теннисші бастапқы кездесуін 29 қазан күні таңмен Д.Пегуламен өткізеді. Екеуі бұған дейін үш рет шеберлік байқасып, екеуінде америкалық спортшы жеңіске жеткен.