Қайрат Сатыбалды мерзімінен бұрын бостандыққа шығуы мүмкін
Ол 2022 жылдың 13 наурызынан бері қамауда.
Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев Қайрат Сатыбалдының шартты түрде мерзімінен бұрын босатылуына қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Turkystan.kz.
«Теориялық тұрғыда қарайтын болсақ, заң ережелерінде мерзімінен бұрын босап шығу немесе жазасын жеңілдету тетіктері қарастырылған. Алайда заңның белгілі бір талаптары болады. Мерзімінен бұрын босап шыққысы келетін азамат өзіне кесілген жазаның бір бөлігін өтеп, өз әрекеті салдарынан келтірілген қандай да бір шығынды қайтаруы тиіс. Сотталған адамға берілетін жеке мінездеме де назарға алынады», – деді Бас прокурордың орынбасары.
Ә.Шындалиевтің айтуынша, сотталған адамның мерзімінен бұрын босап шығуға өтініш беру құқығы бар.
«Сот сотталған адамның өтінішін қанағаттандырудан бас тарта алады», – деді ол.