1057
Жел, көктайғақ: 27 қазанға арналған ауа райы болжамы
Қазақстан бойынша тұман, екпінді жел күтіледі.
«Қазгидромет» синоптиктері 27 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады.
«Республика аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы сақталады. Соның әсерінен жауын-шашын (жаңбыр, қар) түсіп, еліміздің батысы мен оңтүстік-шығыстағы таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанады.
Күндіз Атырау облысында қатты жаңбыр жауады.
Батыс, солтүстік-батыс, солтүстік және шығыс аймақтарда – көктайғақ, шығыста жаяу бұрқасын байқалады.
Қазақстан бойынша тұман, екпінді жел күтіледі», – делінген ресми ақпаратта.