Жарқынай Ханайымның бұрынғы күйеуі әншімен ажырасуға не себеп болғанын айтты

Ол ажырасуға продюсер Баян Мақсатқызы себеп болды деген пікірдің қате екенін айтты.

Жарқынай Ханайымның бұрынғы күйеуі әншімен ажырасуға не себеп болғанын  айтты
Фото: ашық дереккөз
2413

Жарқынай Ханайымның бұрынғы күйеуі Айдар Асқарбек «Taboo» бағдарламасында әнші, актриса Жарқынай Ханайыммен ажырасуға не себеп болғанын айтты, деп жазды turkystan.kz.

«Мәселе қызғанышта да, ер азаматқа тән эмоцияда да емес. Мен жас бала сияқты «ренжідім, ашуландым, қызғандым» деп айтатын жаста емеспін. Ол – нақты түйін, нақты ой, нақты факт», – деді Айдар Асқарбек.

Ол ажырасуға продюсер Баян Мақсатқызы себеп болды деген пікірдің қате екенін айтты.

«Баян Мақсатқызын жамандап жатады. Ол дұрыс емес. «Келініне дұрыс емес көзқараспен қарады. Неге келініне қолдау көрсетпеді?» деген пікірлер бар. Нақты айтып өтейін, мен түскен жобаның екінші маусымының алдында Баян Мақсатқызы ресми түрде қандай сахнаның болатынын айтты. Ол «алдын ала Жарқынайға ескерт» деді. Сол кезде бірден «Баян Мақсатқызы, ол кісінің маған енді қатысы жоқ. Біздің арамыз суыды. Қазір екеуміз бірге тұрмаймыз, ескертудің қажеті де жоқ дедім, – деді ол.

 

 

 

 

Серіктес жаңалықтары