Шымкентте 19 жастағы жігіт із-түзсіз жоғалып кетті

19 жастағы жігіт 13 қазанда үйінен белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайта оралмаған.

Шымкентте 19 жастағы жігіт із-түзсіз жоғалып кетті
ашық дереккөз
597

Шымкент полицейлері жоғалып кеткен 19 жастағы жігітті іздеп жатыр, деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

15 қазан күні Абай АПБ-ға жігіттің жоғалып кеткендігі туралы хабарлама келіп түсті.

Әжесінің айтуынша, 19 жастағы Нұрбол Ермұхамбет 13 қазанда түнгі сағат 00:30 шамасында үйінен белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайта оралмаған.

«Ер жігіттің жүрген жерін анықтауға Шымкент қаласы Полиция департаментінің барлық жеке құрамы жұмылдырылды. Белгілері: бойы шамамен 175-180 см, орта денелі, шашы,көзі қара түсті, үстінде қою көк түсті спортивка, қара красовка және қара түсті күртеше болған. Жоғалған жігіттің қайда екендігі туралы ақпараттан хабардар болсаңыз, бірден «102» нөміріне хабарласуыңызды сұраймыз», – делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары