Пара Азиада – 2023: қазақстандық спортшылар бір күнде 10 медаль алды

Ел қоржынына барлығы 31 медаль түсті: 5 алтын, 10 күміс және 16 қола.

Пара Азиада – 2023: қазақстандық спортшылар бір күнде 10 медаль алды
Туризм және спорт министрлігі

Ханчжоуда өтіп жатқан Азия Пара ойындарының бесінші күнінің қорытындысы бойынша, Қазақстан құрамасы 10 медаль жеңіп алды: 4 күміс және 6 қола, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.

Күміс медаль иегерлері: Зарина Райфова, Жанбота Аманжол, Ерлан Өтепов – пара дзюдо; Нышан Өмірәлі – пара таеквондо.

Қола медаль иегерлері: Ғалымжан Смағұлұлы, Ерлан Қоңқиев, Талғат Әжғалиев – пара дзюдо, Нұрлан Домбаев, Алишер Гариполлаев – пара таеквондо; 4х50 м аралас комплекстік эстафета (Құлқаев Айсұлтан, Сиязбек Далиев, Зульфия Габидуллина, Наталья Звягинцева) – пара жүзу.

Осылайша Қазақстан құрамасының қоржынында 31 медаль түсті, оның 5-і алтын, 10-ы күміс және 16-сы қола.