1057
«-10 градус аяз»: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
Еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады.
Қазгидромет 26-28 қазанға ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлады turkystan.kz.
Синоптиктердің болжамы бойынша, алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Қар жауып, көктайғақ болады және жел тұрады.
Қазақстанның солтүстігінде, орталығында және шығысында түнгі уақытта 5-10 градус аяз болып, күндіз ауа температурасы -2+3 градусқа көтеріледі.
Батыс пен оңтүстікте күндіз 10-18 градус жылы болады. Шеткі батыс өңірлерде және республиканың оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда ауа температурасы 2-7 градусқа дейін төмендейді.