Вашингтонда Республика күніне орай салтанатты жиын өтті

Вашингтонға арнайы келген белгілі топ қазақтың халық әндерімен қатар әлемдік туындыларды орындап, көрермен қошеметіне бөленді.

Вашингтонда Республика күніне орай салтанатты жиын өтті
Ашық дереккөз

АҚШ-тағы жұртшылыққа мерекелік кеш ұйымдастырылып, Форто Трио ансамблі өнер көрсетті, деп хабарлады turkystan.kz

«Хабар 24» арнасының мәліметінше, Вашингтонға арнайы келген белгілі топ қазақтың халық әндерімен қатар әлемдік туындыларды орындап, көрермен қошеметіне бөленді. 

«Бүгін – өте керемет күн. Республика күні құтты болсын!  Біз соңғы 30 жыл өте тығыз байланыста жұмыс істедік. Экономика, энергетика, сауда, жалпы ауқымды салалар бойынша терең ынтымақтастық орнаттық. Сол үшін Қазақстанға ризашылық білдіреміз. Сондай-ақ Қазақстанның өңірдегі маңызды рөлі, аймақ елдерін «АҚШ - Орталық Азия» форматына біріктіргені үшін рақмет айтамыз. Біз екіжақты және көпжақты байланыстарды одан әрі жандандыруға ниеттіміз»,-деді АҚШ Мемлекеттік хатшысы Орталық Азия бойынша көмекшісінің орынбасары Брайан Стиммлер.