Пара Азиада – 2023: Дзюдошы Зарина Райфова жүлдегер атанды

Зарина Райфова күміс жүлде жеңіп алды.

Пара Азиада – 2023: Дзюдошы Зарина Райфова жүлдегер атанды
Instagram/kaz_para_judo

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия пара ойындарында дзюдошы Зарина Райфова күміс жүлдегер атанды.

Зарина J2 санаты бойынша 70 келіге дейінгі салмақта финалдық белдесуде әлем чемпионы, алаң қожайыны Хуньюй Ванмен белдесіп, 0:10 есебімен есе жіберді.

Зарина А тобындағы бірінші кездесуінде Азия пара ойындарының екі мәрте қола жүлдегері, жапониялық Ацуми Нисимурадан 10:0 есебімен айласын асырған еді.

Айта кетейік, Қазақстан қоржынына жеті күміс медаль бар.