Иван Дычко: Мен Баходир Жалоловты талай рет жеңгенмін және мұны қанша керек болса, сонша рет қайталай аламын

Иван Дычко кезінде ұлттық құрама сапында болғанда Баходир Жалоловты талай рет жеңген еді.

Иван Дычко: Мен Баходир Жалоловты талай рет жеңгенмін және мұны қанша керек болса, сонша рет қайталай аламын
ҚР ҰОК
4093

Олимпиаданың екі дүркін қола жүлдегері, +92 келіде Қазақстан құрамасы сапында өнер көрсеткен Иван Дычко Prosports.kz журналисіне берген сұхбатында Өзбекстан құрамасының былғары қолғап шебері Баходир Жалолов туралы өз ойын айтты.

– Баходир Жалолов жарады. Күтті, шыдады, ал қазір тарих жасауда. Мен Жалоловты талай рет жеңгенмін және мұны қанша керек болса, сонша рет қайталай аламын. Егер іс соған жетсе. Алайда, ол мен үшін баяғы Баходир Жалолов болып қалады, – дейді боксшы.

Серіктес жаңалықтары