«Израильдің улы «парацетамолы» қазақстандық нарыққа шығарылды» – фейк ақпарат

Қазнетте «қауіпті» парацетамол туралы хабарламалар тараған.

«Израильдің улы «парацетамолы» қазақстандық нарыққа шығарылды» – фейк ақпарат
ашық дереккөз
1234

WhatsApp-та Израильде шығарылған қауіпті «парацетамол» туралы ақпараттар топтамасы тарап жатыр, деп хабарлады turkystan.kz.

Онда препарат аса қауіпті және белгісіз жолмен қазақстандық дәріханаларға түскені айтылған.

«Қауіпті «парацетамол» туралы хабарламалар – ескі фейк. Оны пайдаланушылар 2019 және 2020 жылдары таратқан. Ол кезде таратылым жалған деп танылған болатын. Себебі, хабарламаға тіркелген препарат Израильде емес, Үндістанда шығарылған. Оны дәрі-дәрмектің қаптамасында жазылған өндіруші компанияның Apex деген атауынан түсінуге болады», – делінген Stopfake порталының хабарламасында.

Айта кетсек, бұған дейін Қазнетте «қауіпті» парацетамол туралы хабарламалар тараған.

«Пайдаланушылар таблеткаларда өлімге әкелетін «Мачупо» вирусы бар деп айтқан. ҚР Фармация комитеті бұл ақпаратты жоққа шығарып, елімізде ақпаратта сипатталған таблеткалар жоқ деп мәлімдеді», – делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары