Газа секторында қазақстандық әйел мен оның 23 жастағы қызы қайтыс болды

Өкінішке қарай, оның 23 жастағы (Палестина азаматы) қызы да қайтыс болды.

Газа секторында қазақстандық әйел мен оның 23 жастағы қызы қайтыс болды
Фото: pixabay.com

Газа секторында қазақстандық әйел мен оның қызы қаза тапты,  деп хабарлады turkystan.kz 

«22 қазанда Газа секторын атқылау салдарынан Қазақстан азаматы қаза болды. Өкінішке қарай, оның 23 жастағы (Палестина азаматы) қызы да қайтыс болды», - делінген ҚР Сыртқы істер министрлігі хабарламасында.

 Отандасымыз Газа секторында күйеуімен (Палестина азаматы) бірге ұзақ уақыт тұрған.