Туысын түрмеден босату үшін астаналық әйел алаяққа 3 млн теңге берген

Елордалық азаматша жазасын өтеп жатқан жақын туысын түрмеден шығаруға көмектесемін деген алаяқтың сөзіне сеніп, қомақты сома берген.

Туысын түрмеден босату үшін астаналық әйел алаяққа 3 млн теңге берген
otyrar.kz
733

Астаналық тұрғын тұтқынды түрмеден босатамын деп жалған уәде берген, деп хабарлады turkystan.kz.

Елордалық азаматша жазасын өтеп жатқан жақын туысын түрмеден шығаруға көмектесемін деген алаяқтың сөзіне сеніп, қомақты сома берген.

Polisia.kz сайтының мәліметінше, алаяқ оның 3 миллион 370 мың теңге ақшасын алаяқтық жолмен иемденіп кеткен.

«Алаяқ таныстарының жеткілікті екенін айтып, заңгерлік көмек көрсетеміз деген желеумен жәбірленушінің ақшасын алған. Ол әйелге сотталушыны мерзімінен бұрын босатуға көмектесемін деп уәде бергені белгілі болған. Астана тұрғыны үш жылдан астам уақыт күтіп, істің оң нәтижесі болмаған соң Алматы аудандық полиция басқармасына арыз түсірген», – делінген хабарламада.

Жедел іздестіру шаралары барысында жедел уәкілдер алаяқтықпен айналысты деген күдікпен 37 жастағы әйелді құрықтап, оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастаған.

 

Серіктес жаңалықтары