Ninety One тобының экс-мүшесі қамауға алынып, сотталып кете жаздаған

Азамат Зенкаев өзінің кінәсін мойындады.

Ninety One тобының экс-мүшесі қамауға алынып, сотталып кете жаздаған
ашық дереккөз
759

Ninety One тобының экс-мүшесі, көпшілікке A.Z. лақап атымен танымал Азамат Зенкаев адамды соққыға жығып, қашып кеткен, деп хабарлады turkystan.kz Press.kz сайтына сілтеме жасап

Биыл тамыз айында Азамат Зенкаевтың басы дауға қалды. Ол әлдекіммен дауласып, жанжал барысында жәбірленушіге жұдырық жұмсаған. Болған жағдайдан кейін рэп орындаушы сот алдында жауап берді.

Іс ҚР ӘҚБтК-нің 73-1-бабының 1-бөлігі бойынша “денсаулықтың қысқа мерзімді бұзылуына немесе жалпы еңбекке қабілеттілігінің шамалы тұрақты жоғалуына әкеп соққан денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру” қаралды. Азамат Зенкаев өзінің кінәсін мойындады.

Алғашында ол айыппұл немесе қамауға алу жазасына кесілген болатын. Алайда жәбірленуші Азамат Зенкаевты кешірді. Нәтижесінде қос тарап өзара келісімге келгендіктен іс жабылды.

Серіктес жаңалықтары