21 млн теңге несие алып берген: Қостанай облысында зейнеткер алаяқтарға алданды
Ресми өкілдің айтуынша, зейнеткердің ай сайын алатын зейнетақысы – 150 мың теңге, ал кредиті 350 мың теңге екен.
Қостанай облысында зейнеткер алаяқтарға алданып, 21 млн теңге несие алған. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха мәлімдеді.
Ресми өкілдің айтуынша, зейнеткердің ай сайын алатын зейнетақысы – 150 мың теңге, ал кредиті 350 мың теңге екен.
"Қостанай облысында зейнеткер телефон арқылы сөйлесу барысында "WhatsApp қоңырауы" арқылы ақша салуды ұсынған шетелдік алаяқтардың алдауына түсіп, 2 банкте және бір микрокредиттік ұйымда жалпы сомасы 21 млн теңгеге онлайн тұтыну кредитін ресімдеп, кейіннен алаяқтарға аударды. Полицияға тек екі аптадан кейін жүгінген. Ол кезде ақша шетелге "дропер" арқылы шығарылған. Жәбірленушінің ай сайын алатын зейнетақысы – 150 мың теңге, ал кредиттер бойынша төлемі 350 мың теңгені құрайды", - деп атап өтті ІІМ өкілі.