жұма, 18 сәуір, 2025

18 жастағы қазақстандық футболшы еуропалық клубпен келісімшарт жасасты

/
18 жастағы қазақстандық футболшы Қазақстан жастар құрамасы сапында өнер көрсетеді.

Қазақстан жастар құрамасының ойыншысы Доминик Боловинцев чехиялық «Лишень» клубымен келісімшарт жасасты, деп хабарлады turkystan.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.

18 жастағы Боловинцев карьерасын алматылық «Академия 05» клубында бастаған. Қазір ол Қазақстан жастар құрамасында өнер көрсетеді.

«Лишень» — Чехияда екінші дивизион саналатын Футбол ұлттық лигасында өнер көрсететін клуб. Стадионы Брно қаласында орналасқан.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары