«Бөпем жыбырлақ»: Ерке Есмахан жүктілік кезіндегі әсерімен бөлісті

Әнші қыз-келіншектерге ана болу бақытын тіледі.

«Бөпем жыбырлақ»: Ерке Есмахан жүктілік кезіндегі әсерімен бөлісті
Видеодан кадр
1888

Танымал әнші Ерке Есмахан қазіргі күйі жайлы айтты, деп хабарлады turkystan.kz.

«Бөпеміз дүниеге келгенше ұйықтап, ұйықтап алуға тырысып жүрміз. Бірақ мен ерте тұрып кете беремін. Ал әкесінің ұйқысы жақсы. Менің қазіргі күйімді сіздерге айтып жеткізе алмаймын. Аллаға шүкірден басқа айтарым жоқ. Жүрегімнің ішіндегі жүрегімнің өз режимі бар. Күнде таңертең мені осындай ғажап күйге түсіреді. Мерзімім жақындаған сайын жату да ыңғайсыз. Бөпем де жыбырлақ. Қысқасы, бір-бірімізбен кездесуге асығып жүрміз», – деді Ерке Есмахан.

Әнші қыз-келіншектерге ана болу бақытын тіледі. Сондай-ақ ол өзін ұйқының адамы екенін айтты.

«Іштен, қуықтан, өкпеден тепкілеп, ұйқымнан оятып, мені жеңіп тұр бұл кішкентай. Анау-мынауға жеңіле қоймайтын едім. Босанған соң әкесі мен ағасына ұстатам да, өзім ұйықтаймын деп отырмын. Қайдам бірақ...» деп жазды өнер иесі.

 

Серіктес жаңалықтары