61 науқасы туберкулезге шалдыққан мекеменің басшылары қызметінен айрылды

61 науқасы туберкулезге шалдыққан мекеменің басшылары қызметінен айрылды

61 науқасы туберкулезге шалдыққан мекеменің басшылары қызметінен айрылды
ашық дереккөзі
319

Түркістандағы емделушілері жаппай туберкулез жұқтырған психоневрологиялық емдеу мекемесінің басшылары қызметінен шеттетілді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі мәлімдеді.

"КТК" арнасының хабарлауынша, ақыл-есінде ауытқуы бар  жандарға туберкулез науқастардың бірінен жұққан. Ал мекеме қызметкерлері мұның алдын алмақ түгілі, қарапайым тазалықтың өзін сақтамапты.

"Бұл әлеуметтік-медициналық мекемеде эпидемиологиялық ережелер мүлдем сақталмаған. Сол үшін залалсыздандыру жұмыстары жүргізіледі. Және осы жайтқа байланысты басшыларын да жұмыстан шығардық", - дейді Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов. Қаңтар айында пациенттерді жоспарға сай тексеру кезінде мекемеде өкпе құртын жұқтырған 7 емделуші анықталған. Жағдайды жоғарыға баяндап, Астана мен Шымкенттен келген арнайы комиссия 502 пациенттің 61-не аталмыш дерт жұққанын, ал оның жартысы ашық түрімен ауыратынын біліпті. Науқастардың үшеуі осы аурудан көз жұмған. Қазір науқастардың барлығы арнайы мекемелерде ем қабылдауда. Еліміздің бас санитары мен вице-министр бастаған мамандар мәселені жіті бақылауға алған.  

Серіктес жаңалықтары