«Бәрін жылатты»: Медеу Арынбаевтың концертінде әншінің марқұм әйелі түсірілген бейнемұрағат көрсетілді (ВИДЕО)

Ұйымдастырушылар әншіге айтпай, үлкен экраннан оның марқұм жұбайы түсірілген бейнекадрларды көрсетті.

«Бәрін жылатты»: Медеу Арынбаевтың концертінде әншінің марқұм әйелі түсірілген бейнемұрағат көрсетілді (ВИДЕО)
Фото: ашық дереккөз

Алматыда Медеу Арынбаевтың «Бәрі есімде» атты концерті өтіп жатыр, деп хабарлады turkystan.kz.

Ұйымдастырушылар әншіге айтпай, үлкен экраннан оның марқұм жұбайы түсірілген бейнекадрларды көрсетті. Бұл туралы журналист Бауыржан Карипов Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

«Медеу аға бәрін жылатты. Концертте ұйымдастырушылар Медеудің марқұм әйеліне арнап жасаған жеке мұрағатынан видео көрсетті. Медеудің бұдан хабары жоқ, әрине. Не деген махаббат десеңші! 25 жыл бұрын тойында болған достары, әріптестері – әншілер бүгін шығармашылық кешінде отыр. Махаббат жайлы әндерінің бәрін әйеліне арнапты. Қос құлынын сахнаға шығарып, «Біз осындаймыз, біз бақыттымыз. Анасы төбемізден қарап тұр» деді», - деп жазды журналист.