Алматы облысында шенеуніктер техниканы өз құнынан жоғары бағаға алып, ақша жымқырмақ болған

Тауарлардың орташа құнына мониторинг жүргізу кезінде баға 102,78%, 77,54% және 60%-ға жоғары болғаны анықталды.

Алматы облысында шенеуніктер техниканы өз құнынан жоғары бағаға алып, ақша жымқырмақ болған
ашық дереккөз
966

Алматы облысында шенеуніктер жалпы құны 20 миллион теңгеге жуық техниканы жоғары бағамен сатып алғысы келген. Бюджет қаражатын негізсіз жұмсаудың жолын кесті, деп хабарлайды turkystan.kz өңірдің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне сілтеме жасап.

Алматы облысының Цифрлық технологиялар басқармасы бір данасы үшін 497 265 теңгеге 32 компьютер, бір данасы үшін 514 880 теңгеге 3 ноутбук және бір данасы үшін 598 214 теңгеге 4 моноблок сатып алуға конкурс жариялаған

Тауарлардың орташа құнына мониторинг жүргізу кезінде баға 102,78%, 77,54% және 60%-ға жоғары болғаны анықталды.

Антикордыңмәліметінше, мемлекеттік сатып алу процесі тоқтатылды және конкурс қайтадан өткізіледі.

Серіктес жаңалықтары