Жамбыл облысында ірі көлемде есірткі тәркіленді

Жамбыл облысында ірі көлемде есірткі тәркіленді

Жамбыл облысында ірі көлемде есірткі тәркіленді
ашық дереккөзі
Жамбыл облысында аса ірі көлемде есірткі тәркіленді деп хабарлайды 24.kz. Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі берген мәлімет бойынша, оқиға Шу қаласында болған. Полицейлер шағын шаһардағы автовокзал маңында Mercedes-Benz көлігін тоқтатқан. Тексеріс кезінде оның жүксалғышынан 7 келі 710 грамм гашиш табылды. Сондай-ақ көлік ішінде жүргізушіден бөлек бұрын істі болған тағы бір азамат отырған. Қорапқа салынған есірткінің өзінікі екенін мойындаған күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.