2687
Қарағандыда жол апатынан екі адам көз жұмды
Қарағанды облысының полиция департаменті көлік жүргізушілерден жылдамдықты шектен тыс асырмай, жол ережесін қатаң сақтауды сұрайды.
Қарағанды облысында жол апатынан екі адам қаза тапты, деп хабарлады turkystan.kz полицияға сілтеме жасап.
15 қазан күні Қарағанды-Молодежный тасжолында Қазақстан ауылынан 2 шақырым жерде Hyundai Sonata және Neoplan автобусы соғысқан.
Жол-көлік оқиғасының салдарынан Hyundai Sonata автокөлігінің екі жолаушысы оқиға орынында қаза болды. Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекссің 345-бабы 3-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу жүріп жатыр, - деді Осакаров аудандық полиция бөлімінің бастығы Азиз Жұмағазиев.