«Ирина Кайратовна» тобының Астанадағы бүгінгі концерті де өтпейтін болды
Әртістер мобилограф Шахназ Жылқайдаровтың құрметіне Еуропаға тур жасамақ.
Мобилографтарының қайтыс болуына байланысты «Ирина Қайратовна» тобының Астанадағы концерті бүгін де өтпейтін болды, деп хабарлады turkystan.kz.
«Құрметті достар, «Ирина Қайратовна» тобының жанкүйерлері! Астана қаласындағы концертте мобилограф, 21 жастағы Шахназ Жылқайдаровтың кенеттен өмірден озғанын қайғыра хабарлаймыз. Осыған байланысты Астанада 2023 жылдың 14-15 қазанына жоспарланған концерттер өтпейді. Шахназдың отбасы мен туған-туыстарының қайғысына ортақпыз, ИК командасы шын жүректен Шахназдың отбасына көңіл айтады және барынша қолдау, көмек көрсетеді. Біздің тарапымыздан болған қолайсыздық үшін жанкүйерлерімізден кешірім сұраймыз. Алдағы Еуропаға турымызды Шахназдың құрметіне өткізгелі отырмыз», - делінген топтың Instagram-дағы парақшасында.