Полиция «Ирина Кайратовна» тобының концертінде болған қайғылы жағдайға қатысты түсінік берді

«Ирина Кайратовнаның» Астанадағы концертінде мобилографтары қаза тапты.

Полиция «Ирина Кайратовна» тобының концертінде болған қайғылы жағдайға қатысты түсінік берді
Видеодан алынған кадр

Полиция "Ирина Кайратовна" тобының концертінде болған қайғылы жағдайға қатысты түсінік берді, деп хабарлады turkystan.kz Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

"14 қазанда концертте 21 жастағы мобилограф есін жоғалтып, сахнада құлап түсті. Жедел жәрдем келген кезде, өкінішке қарай, ол қайтыс болды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Осы арада әкімшілік пен көрермен түсіністік танытып, концерт тоқтатылды", - деп хабарлады полиция.

Еске салайық, кеше "Ирина Кайратовна" тобының Астанадағы концертінде мобилограф қайтыс болғанын хабарлаған болатынбыз.