Бүгін Қазақстан құрамасы Дания командасына қарсы ойнайды

Қазақстан құрамасының еншісінде 12 ұпай бар.

Бүгін Қазақстан құрамасы Дания командасына қарсы ойнайды
kff.kz

Қазақстан ұлттық құрамасы EURO-2024 іріктеу турнирі аясында сырт алаңда Дания командасына қарсы ойнайды, деп хабарлады turkystan.kz.

Матч бүгін түнде Астана уақыты бойынша сағат 00:35-те Копенгагендегі «Паркен» стадионында өтеді. Сондай-ақ Qazsport және Qazaqstan телеарналарында көрсетіледі.

Айта кетейік, 26 наурыздағы алғашқы кездесулерінде біздің команда Данияны сенсациялық түрде 3-2 есебімен жеңді.