Итті атып өлтірген джип иесі жазаланбайтын болды

Ер адам садистік әдістерді қолданбаған және оның бұзақылық ниеті болмаған.

Итті атып өлтірген джип иесі жазаланбайтын болды
Ашық дереккөз

Куәгерлер иттің агрессивті болғанын растады, деп хабарлады turkystan.kz Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақпанның басында Гагарин көшесі, 76 мекенжайындағы автотұрақта джип автокөлігінің жүргізушісі итті атып, өлтіргені жайлы белгілі болды. Редакция облыстық полиция департаментіне жолдаған ресми сауал хаттың жауабында іс ҚР ҚҚ-нің 316-бабы (Жануарларға қатыгездікпен қарау) бойынша тергеу жүргізілген екендігі анықталды.  

"Ер адамға қаңғыбас ит шабуылдаған еді, сондықтан ол иттің жалғасқан агрессивті жағдайын тоқтату үшін аңшы мылтықтан ескерту ретіндегі оқ атқан болатын", – деді департаментте.

Департаменттің мәліметінше, ер адам садистік әдістерді қолданбаған және оның бұзақылық ниеті болмаған.

Қылмыстық іс бойынша өткен куәгерлер иттің шабуылын растап, жүргізушінің өміріне қауіп туғызуы мүмкін екенін атап өткен еді.  

Облыстық полиция департаменті ҚР ҚК 316-бабының екінші бөлігі бойынша ер адамның іс-әрекетінде қылмыс құрамы жоқ деген қорытындыға келді. Осы себеппен сотқа дейінгі іс жүргізу тоқтатылды.