Серікбол Сайлаубек өзіне қатысты алып-қашпа әңгімеге нүкте қойды

Әлеуметтік желіде тойда Серікбол Сайлаубектің ән айтқан видеосы тарады.

Серікбол Сайлаубек өзіне қатысты алып-қашпа әңгімеге нүкте қойды
Фото: 365info.kz

Әлеуметтік желіде тойда Серікбол Сайлаубектің ән айтқан видеосы тарады. Видеодан әншінің алдында бірнеше қарулы адам тұрғанын көруге болады, деп хабарлады  turkystan.kz

Әнші «Ұйқым келмейді» бағдарламасында осы видеоға түсінік беріп, ел арасында тараған қауесетке нүкте қойды.

«Сарыағаш жақ болуы керек. 700 адамдық тойға Юлдыз Усманова апайымызды да шақыртыпты. Сахнаға шықсам, алдымда қолында автоматтары бар адамдар тұр. Өзім таң қалдым. Сол кезде ән айтқанымды алдымнан біреу түсіріп алып, интернетке салып жіберген. Мен оны білмеймін. Тойға көлікпен барғанмын. Алматыға тақағанда жан-жақтан қоңыраулар келіп түсті. Былай қарасаңыз, менің ол араға дым қатысым жоқ. Тек барып, ән айтқаным болмаса», - деді Серікбол Сайлаубек.