994
Демалыс күндері Қазақстанда ауа райы қандай болады?
Қазақстан бойынша тұман мен жел күшейеді деп болжанған.
«Қазгидромет» РМК демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлады turkystan.kz.
Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері солтүстік-батыста, солтүстікте, шығыста, орталықта, сондай-ақ Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады.
16 қазанда Шығыс Қазақстан облысында нөсер жауын болады. Ал республиканың батысы мен оңтүстігінде жоғары атмосфералық қысым өрісінің әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз болады деп күтіледі.
Қазақстан бойынша тұман мен жел күшейеді деп болжанған.
«Республиканың басым бөлігінде күндіз термометр 10-20 градусқа дейін жылыса, түнде еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында кей жерлерде 1-3 градус аяз күтіледі», - делінген хабарламада.