Қазақстандық пойыздарда интернет пайда болды

Жолаушы ұялы телефоны немесе планшетін қолдана отырып, көркем, деректі фильмдер және мультипликациялық туындыларды көре алады.

Қазақстандық пойыздарда интернет пайда болды
ашық дереккөз

Қазақстандағы пойыздарда Интернет желісіне қол жеткізуге мүмкіндік беретін жаңа қызмет түрі пайда болды, деп хабарлады turkystan.kz.
 
Жолаушыларға қолайлы жағдай жасау үшін еліміздегі барлық поезда ақпараттық жүйелерге қол жеткізуге мүмкіндік беретін жаңа қызмет түрі енгізілді
 

«Осылайша, вагондардағы Wi-Fi арқылы кең жолақты интернетпен қамтылмайтын аймақта жолаушы жеке электронды құрылғысын, ұялы телефоны немесе планшетін қолдана отырып, көркем, деректі фильмдер және мультипликациялық туындыларды көре алады әрі музыкалық шығармаларды тыңдай алады. Аталған қызмет түрі жолаушылар үшін тегін», – делінген Көлік министрлігінің хабарламасында.


Ол үшін жолаушы өз құрылғысында Wi-Fi қосып, содан кейін тізімнен KTZ желісін таңдауы керек. Әрі қарай браузерді ашып, http://vputi.kz сайтына өту қажет.