Алматыда әйел адам туристік агенттік қызметкерінің басына қайшы тығып алды

Оқиға Алмалы ауданының полиция басқармасының полиция бөлімінде тіркеліп, тексеріліп жатыр.

Алматыда әйел адам туристік агенттік қызметкерінің басына қайшы тығып алды
saeedkebriya
745

Алматыда турфирманың қызметіне қанағаттанбаған клиент қызметкердің басын қайшымен жарақаттады, деп хабарлады turkystan.kz

«Кеше бізге келген клиентке виза беруден бас тартылған соң, ол маған шабуыл жасауға көшті. Біз АҚШ пен шенгенге виза рәсімдемек болғанбыз. Екі жағдайда да виза беруден бас тартылған соң, ол барлық жұмсаған ақшасын менен өндіріп алуды шешті. Осылайша кеңседе жанжал шығарып, қолына тиген заттарды маған лақтыра бастады, арасында қайшы да болды. Қайшы басыма кіріп кетті», – деп жазды турфирма қызметкері.

Кazinform агенттігінің мәлемітінше, клиент оның үстінен алаяқтық бойынша шағым да жазғаны айтылады.

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, аталған оқиға Алмалы ауданының полиция басқармасының полиция бөлімінде тіркеліп, тексеріліп жатыр.

«Әйелдің алған дене жарақатының ауырлық дәрежесін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды. Іс-шаралар кешенінің нәтижелері бойынша шешім қабылданады», – деді Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Серіктес жаңалықтары