Оралда үш жасар сәби балабақшада сорпаға күйіп қалды

Қазір үш жасар бүлдіршін жансақтау бөлімінде жатыр.

Оралда үш жасар сәби балабақшада сорпаға күйіп қалды
pravmir.ru
1134

Оралдағы «Балбөбек» балабақшасында 3 жасар сәби ыстық сорпаға күйіп қалды, деп хабарлады turkystan.kz.

Qazaqstan.tv мәліметінше, қазір істің мән-жайын полицейлер анықтап жатыр. Бала сол бойда ауруханаға түскен. Қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Басы, кеуде тұсы, аяқ-қолы,» жалпы денесінің 25 пайызын күйік шалған. Жазатайым оқиға бойынша іс қозғалды.

«Келген кезде жағдайы өте ауыр болды. Беті, алдыңғы кеуде қабырғасы, екі аяқ басы, екі саны, шатарал аймағы ІІ-ІІІ дәрежелі күйікпен келіп түсті. Қазіргі таңда науқастың жағдайы ауыр. Керек ем-жарақтары, шоковый жағдайдан шығу сатыларынан емін алып жатыр», – деді облыстық көпбейінді балалар ауруханасы травматология бөлімінің басшысы Болат Әлібаев.

 

Серіктес жаңалықтары