870
Ақтауда 16 жастағы қыз көпқабатты үйдің төбесінен құлап, қайтыс болды
Оқиға 10 қазанда 17-шағынаудандағы «Green park» тұрғын үй кешенінде болған.
Ақтауда 16 жастағы қыз бала көпқабатты үйдің төбесінен құлап, көз жұмды.
Lada.kz жазуынша, қайғылы оқиға 10 қазанда 17-шағынаудандағы «Green park» тұрғын үй кешенінде болған.
Оқиға орнына жедел жәрдем мен полиция өкілдері келді.
«Сағат 19.00 шамасында 17-шағынауданда мәйіт табылды деген шақыру келіп түсті. Оқиға орнында зорлық-зомбылықпен өлімнің сыртқы белгілері жоқ 16 жасар қыздың мәйіті табылды», - делінген полиция хабарламасында.
Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша Ақтау қалалық СДТБТ-да тіркелді.
«Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді», - деп хабарлады облыстық Полиция департаментінен.
Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.