Шымкентте оқушыны қағып өлтірген жүргізуші қамауға алынды

Шымкентте көлік қаққан оқушы оқиға орнында көз жұмды.

Шымкентте оқушыны қағып өлтірген жүргізуші қамауға алынды
polisia.kz
922

Шымкентте мектеп оқушысын қағып кеткен жүргізуші қамауға алынды. Кәмелетке толмаған бала оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлады turkystan.kz.

7 қазан күні кешкі сағат 18:45 шамасында Арғынбеков көшесінің бойында BMW-530 автокөлігінің жүргізушісі кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні қағып, жол-көлік оқиғасын жасады. Салдарынан 9 жасар бала оқиға орнында қайтыс болды. Істің мән-жайын анықтауға Шымкент қаласы ПД-ның анықтаушылары мен криминалистері барды.

«Жол-патрульдік полиция қызметкерлері оқиға орнын қоршауға алды. Полицейлер аталған жайтты ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын абайсызда адам өліміне әкеп соққан бұзуы) бойынша тіркелді. Анықтаушылар қажетті сараптамаларды тағайындады. Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды», – делінген Polisia.kz сайтының хабарламасында.

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Алдағы уақытта іс сотқа жолданады.

 

Серіктес жаңалықтары