Бахтиёр мен Бурак кәуап пісірді

Бас-аспаз футболисті қонақ қылды.

Бахтиёр мен Бурак кәуап пісірді
ашық дереккөз

Түркияның «Бешікташ» футбол командасында өнер көрсетіп жүрген қазақстандық футболист Бахтиёр Зайнутдинов әлемге әйгілі бас-аспаз Бурак Оздемирмен кездесті, деп хабарлады Turkystan.kz.

Бахтиёр мен Бурак «CZN BURAK» мейрамханасында кәуап пісірді.

Бұл туралы Бурак Оздемир өзінің әлеуметтік парақшасына видео жариялап, мәтін жазды.

«Біздің кәуап қалай аталуы керек деп ойлайсыңдар?» – деді ол.

Айта кетейік, Бахтиёр Зайнутдинов «Бешікташ» командасындағы дебютін жеңіспен бастады. Ол «Динамо» (Киев) мен «Бешікташ» командаларының УЕФА Конференциясы лигасындағы плей-офф раундында қосалқы құрамда шығып, қарсыластарының қақпасына гол салды. Осылайша командасын жеңіске жеткізді.