Сарыағаш ауданында мектеп директоры мұғалімдерден ақша талап етіп, бір ай бойы сабақ кестесін бекітпеген

Мектеп директоры сағат бөлу үшін ұстаздардан ақша талап еткен.

Сарыағаш ауданында мектеп директоры мұғалімдерден ақша талап етіп, бір ай бойы сабақ кестесін бекітпеген
Ашық дереккөз
8201

Түркістан облысындағы ауыл мектебінің оқушылары ел қатарлы мектепке барып, қолдарына кітап, дәптер ұстамаған. Сарыағаш ауданындағы шағын мекемеде әлі сабақ кестесі де жоқ. Мұның бәрі директордың мұғалімдерге жүктемені бөлмегендігінен туындағаны анықталды. Ол сағат бөлу үшін ұстаздардан ақша талап еткен. Бұл туралы «АМАNAT» партиясы жанындағы Республикалық білім және денсаулық сақтау кеңесінің отырысында құқық қорғаушы Айгүл Орынбек айтты. Ал құзырлылар бұдан бейхабар болып шықты, деп хабарлады turkystan.kz "АстанаTV" арнасына сілтеме жасап.

"Құзыретті орталық мемлекеттік органның жергілікті атқарушы билік органы Білім басқармасымен байланысының жоқ екендігіне көз жеткізіп отырмыз. Мәселе сонда. Сіз әкімдікке, білім басқармасына сілтейсіз. Одан бөлек сапаны қамтамасыз ету комитетіне сілтейсіз. Ал соңында әлі күнге дейін мұғалімдердің сабақ жүктемесі бекітілмеді дегеніміз не сөз? Ол айлық алмайды деген сөз. Айлық алмайды дегеніміз не сөз? Ол әлеуметтік теңсіздікке және әлеуметтік наразылыққа алып келеді деген сөз. Ал ол жүктеме қыркүйек айында тамыз кеңесіне дейін бекітіліп болуы керек", - дейді ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты, "Amanat" фракциясының мүшесі Жұлдыз Сүлейменова.

Серіктес жаңалықтары