«Ауырсаң, бір тамшы су тамызбай өлтіремін»: Зейнеткер келіні ұрып-соғып, үйден қуып шыққанын айтты

Зейнеткердің сөзінше, келіні заттарын далаға лақтырып, түрлі балағат сөз айтқан.

«Ауырсаң, бір тамшы су тамызбай өлтіремін»: Зейнеткер келіні ұрып-соғып, үйден қуып шыққанын айтты
Фото: видеодан кадр
7496

Қымбат Баймұрзина есімді 64 жастағы зейнеткер «Қыздар-ай» бағдарламасында келіні ұрып-соғып, үйден қуып шыққанын айтты, деп хабарлады turkystan.kz.

Оның сөзінше, келіні заттарын далаға лақтырып, түрлі балағат сөз айтқан.

«Кет» деп, киімдерді далаға лақтырды. Қыдырып кетіп, келгенде «бұл проходной двор емес саған, келемін дегенде келіп, кетемін дегенде кететін» деді. Сарқыттарымды қойып, немерелерімді көріп, беттерінен сүйіп, қуанысып жаттым. Ондай ештеңе болмайды деп ойладым. Әкелген етті, бес литрлік балды далаға лақтырды. Құрт, май – бәрін әкелгенмін. «Нағима, тастамашы, ас қой, обал ғой» деп артынан жүгірдім. Артық сөз айтқан жоқпын. Былай жығып алды, құлатады деп ойлаған жоқпын. Мойнымнан қылқындырып, шаштан ұстады, еденге басымды ұрды. Шамам келмей қалды, ештеңе істей алмай қалдым. «Құтқарыңдар» деп құр айқайлап, жылай бердім. Ол кезде дауысым шығып жатты. Сонда ұлым есік алдында жүрді. Ұлым келмеді маған. Маған келін «барар жер, басар тауың жоқ, ертең ауырып жатсаң, бір тамшы су тамызбай өлтіремін» деді», - дейді Қымбат Баймұрзина.

Зейнеткер үй келінінің атында екенін айтады.

«Келінім «сенің ешкімің жоқ, қолымда малайлыққа ұстап жүрмін мен сені» дейді. «Тамағымды жасатып, балаларымды бағу үшін ұстап жүрмін» дейді. Үлкен балам 78 жылғы, кейінгісі 79 жылғы. Үйленгеннен кейін күрт өзгерді», - дейді зейнеткер.

Ал келіні оған қол көтермегенін айтып отыр.

«Қарғайды. Неше түрліні айтады. Марқұм болып кеткен әке-шешемді айтады. О баста келін болып түсірмеген. Мені қабылдамаған. Сонда да ол кісімен тұрдым. Бұл кісі өмір бақи бөлек тұратын. Ол кісі ұлдарынан талап етсін. Ол өз отбасын сақтай алмаған. Енді біздің отбасын бұзғысы келеді. Анасынікі дұрыс болса, «аузыңды жап» дер еді. Оның өзі «жолатпа» дейді. Себебі анасының мінезі бар. Иә, мен қуғаным рас. Себебі тұра алмаймын. Ақылмен айтсам, көнбейді. Қол көтерген жоқпын. ...Ұрды-соқты деп бүкіл туыстарымызға звондап, бәріне айтқан», - дейді келіні.

 

 

 

 

 

 

Серіктес жаңалықтары